Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев – «Жыл еріктісі»
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Жыл еріктісі» атанды. Мұндай құрметті атақ облыс басшысына оның есеп беру жиынында тапсырылды.
«Біздің мақсатымыз – жүйке жүйесіне зақым келген балаларды сауықтыру, оларды қалыпты өмірге қосу. Осы уақытқа дейін біз біреуден қол жайып бір нәрсе сұрап көрген емеспіз. Бұл біздің өз таңдауымыз. Сондықтан, әлеуметтік бизнесті дамытып отырмыз. Бірлестігімде қазір үш жүзге жуық сәби емделіп жүр. Сол сәбилердің ата-аналары сізге ерекше риза. Өйткені, біз үнемі сіздің қамқорлығыңызды сезініп келдік. Бұл сыйлықты балалар мен ата-аналардың сізге деген разылығы ретінде қабыл алыңыз» деген «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев, символдық мәні бар сыйлықты табыс ету құрметін бес баланың әкесі Нұрлыбек Бақтыгереевке ұсынды.
Нұрлыбектің екі баласы сал ауруының (ДЦП) ауыр формасына шалдыққан. Баланың үлкені 10, кішісі 2 жаста.
Ресми жиындағы осынау бейресми сәт жиналғандарға ерекше әсер етті. «Басшыға деген шынайы құрмет осындай болуы керек» деп жатты халық.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.