5fae35ba9f5e3985968795

Құрылыс жұмыстарының көлемі 692 млрд теңгені құрады

Жаңалықтар Экономика
5 / 100

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Атырау облысының түрлі салаларындағы бірнеше нысан халық игілігіне салынып, пайдалануға берілуде. Олардың жағдайы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов баяндады.

«Құрылыс жұмыстарының көлемі 692 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,3% құрады. Республика бойынша өңірдің үлес салмағы – 19%. Жыл басынан бері облыста 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 5 204 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, апатты мектептің орнына салынған 1 мектептің құрылысы аяқталды. Тағы 4 мектеп жыл соңына дейін бітеді. Келесі жылы 5 нысан іске қосылады. Осылайша, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл 15 балабақша құрылысы қолға алынды, оның ішінде 9 МЖӘ бойынша, оның ішінде 4 балабақша пайдалануға берілді», – деп атап өтті әкім.

Өңірде студенттерге арналған бірқатар жатақханалар, мәдениет үйлері, демалыс орындары, спорт және денсаулық сақтау нысандары салынуда.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған