Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономика

Атырау облысында былтыр 42,3 млн тонна мұнай өндірілген

 Атырау облысында 2017 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 5,6 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде өңірде 42,3 млн тонна мұнай өндірілген. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

76033_1_650x410

– 2017 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі – 5676,1 трлн теңгені, физикалық көлем индексі 120,8 пайызды құрады.  Өңірдің жалпы республикадағы үлесі 25,1 пайыз болды. Тау-кен өнеркәсібінде 5 121,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бір жыл ішінде аймақта 42,3 млн тонна мұнай және 20,9 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 125,6% және 131,3% құрайды, – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Ақпаратта мәлім етілгеніндей, «Теңізшевройл» ЖШС бір жылда 28,7 млн тонна мұнай өндірді, бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 104,1 пайызды құрайды. Ілеспе мұнай газы 15,7 млрд текше метр өндірілді (104,4 пайыз).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мұнай өндірісі – 2,8 млн тоннаны (100,3 пайыз), газ 199,7 млн текше метрді (104,5 пайыз) құрады.

Ал, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы болса өткен жылы 8,3 млн тонна мұнай және 4,9 млрд текше метр газ өндірген.

 

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button