ЖаңалықтарҚоғам
Атырау маңында болған жол апатынан үш адам тірідей жанып кетті
6 тамыздан 7 тамызға қараған түні Атырау-Индер тасжолының 165-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды, — деп хабарлайды patrul.kz.
Басылымның мәліметінше, Mercedes жүргізушісі тасжолда жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соғысып қалған. Нәтижесінде Mercedes өртеніп, онда отырған жүргізуші мен екі жолаушы көлік салонында тірідей өртеніп кеткен.
«МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ол зардап шеккен жоқ. Жеңіл көлікте қаза тапқандардың есімдері анықталып жатыр», — деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.