Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономика

Атырау Мұнай өңдеу зауытының жаңа станциясы іске қосылды (ФОТО)

Атырау Мұнай өңдеу зауытының жаңа станциясы іске қосылды. Бұл зауыттың жүк ағынын қала аумағынан тыс жерге шығаруға мүмкіндік береді. Тиісінше, аталған жоба экологиялық, өндірістік қауіптерді сейілтпек.

_EAC5944

«РТИ-АНПЗ» ЖШС жобасы көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асқан, зауыт жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.

_EAC5948

Бүгінде компания «Теңдік» станциясын қайта жаңғыртудан өткізіп, темір жол, вокзал ғимараты, инженерлік коммуникацияны жаңартқан. Сонымен қатар, нысанның аумағын да абаттандырыпты.

_EAC5766

«Бір кездері цистерналарды буландыру, құю, төгу жұмыстары қала аумағында жасалды. Қазір осы станцияның арқасында бұл жұмыстар қаладан 8 шақырым жерде жүргізіледі. Бұл Атырау Мұнай өңдеу зауытының қоршаған ортаға əсерін азайтып, ауаның тазалығын қалыптастырады»,-деді нысанның салтанатты ашылуына қатысқан облыс əкімі Нұрлан Ноғаев.

_EAC6052

Тоқтала кетейік, жаңа жоба аясында 367 жұмыс орны құрылған.

_EAC6020

_EAC5829

Айқара Ғұмар

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button