Жарнама
Жаңалықтар

Атырау — Астрахан жолының құрылысы кейінге қалдырылды

Наурызда басталуы тиіс Атырау — Астрахань автомобиль жолының құрылысы шілде айынан ерте басталмайды. Бұл жайлы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев мәлім етті.
7a27acu-960

«Оған ҚР Қаржы министрлігі мен Ислам даму банкі арасындағы қарыз беру туралы келіссөздердің созылуы себеп болды. Қазіргі кезде қаржы бөлу келісімге қол қол қою процедуралары жүріп жатыр. Келесі айда оны Парламенттің қарауына жіберу жоспарланып отыр. Жоспар бойынша, маусымда мердігер ұйыммен келісімге қол қойылып, шілдеде құрылыс жұмыстары басталуы тиіс», — дейді М. Пішембаев.

Бұрын хабарланғанындай, төрт учаскеден тұратын Атырау — Астрахань автомобиль жолының құрылысын 2018 жылдың көктемінде, қар ерісімен бастау жоспарланған болатын. Жоба құны 80 миллиард теңге екені, құрылыс жұмыстарының 2022 жылға дейін аяқталатыны айтылған.

Хорлан Смадияр

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button