Жарнама
Жаңалықтар

Конституцияны жатқа білетін атыраулық студент тегін оқуға сертификат алды

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Атаулы күнге орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ақылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі «Мен Конституцияны жатқа білемін!» конкурсын өткізді.

Шараның мақсаты — Конституция күнін атап өту, Ата заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Конкурсқа қатысуға әртүрлі мамандықта оқитын 250 студент ниет білдірген.

Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұрақтан тұратын сауалға жауап берді. Ал, екінші кезеңге сүрінбей өткендер, Ата заңның баптарын жатқа айтудан жарысты. Конкурсқа Атырау қалалық соттың судьясы, прокурор және жеке сот орындаушы, университеттің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс қортындысы бойынша 3 орынды (30 пайыз жеңілдік) «Экология» мамандығының студенті Ботакөз Интимахова, 2 орынды (50 пайыз жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш алды. Ал бас жүлдені азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов бір жылдық оқуын тегін оқуға сертификат алды.

Дәстүрге айналған конкурс келесі жылда да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button