Атырау қалалық әкімдігінде – жаңа басшылар

79592b33ddac91023054401a6cf04c09 Жаңалықтар

Атырау қалалық әкімдігінде үш бөлімнің жаңа басшылары тағайындалды.

79592b33ddac91023054401a6cf04c09

Сонымен, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болып Кейкин Шәкір Кейкинұлы тағайындалды. Ол – 1970 жылы Құлсары қаласында туған. 1993 жылы В.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын бітіріп, тау – кен инженері мамандығын алған. 2008 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін Жылой ауданы, Құлсары қаласының әкімі лауазымында жұмыс істеген.

1dea74490bd362143e45dfcc39ebeac1

Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы болып Құмаров Наурызбек Ғабиденұлы тағайындалды. Ол – 1992 жылы Атырау облысында туған. 2013 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген. 2016 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 2017 жылдан бастап осы уақыт аралығында Атырау облысы жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы лауазымында болған.

0f58fc528d849ccc6497be41e4e300c4

Ал, Шангереева Фаруза Ғарифоллақызы қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 1962 жылы Атырау облысында туған. 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітіріп, биология және химия пәнінің мұғалімі мамандығын алған. 2011-2012 жылдары қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2012 жылдан бастап Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық лицейдің директоры лауазымында жұмыс істеді.

Айқара ҒҰМАР.

Фото zakon.kz сайтынан алынған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз