+2: Атырауда коронавирус жұқтырғандар 47 адамға жетті

10335228 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл Қауіпті індетті жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан тіркелді.  Барлығы да  қатерлі дертке шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болған.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, олардан алынған зертханалық сынамалар нәтижелері COVID-19 диагнозын растаған.

«Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде» делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, Қазақстандағы төтенше жағдай режимі сәуір айының аяғына дейін ұзартылды.

http://atr.kz/bez-rubriki/prezident-%d3%99zirge/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз