Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы

Атырауға Парламент Мәжілісінің депутаттары келді (ФОТО)

Атырауда  ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен екі күн бойына «Ана мен баланы қорғау мәселелері» тақырыбында кездесу өтуде.

DSC_0869

Кездесудің мақсаты – отбасылық және демографиялық саясат саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, ана мен баланы қолдаудағы үздік тәжірибені зерделеу, сонымен бірге, отбасы институтын нығайту мен туу, өмір сүру ұзақтығы динамикасын сақтау. Сондай-ақ, халық қалаулылары облыстық перинаталды орталық, Атырау қалалық перзентханасын аралап, медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

DSC_0882

Алғашқы күні жоспарланған маңызды шараның тағы бірі облыстық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында ұйымдастырылды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың және облыстағы барлық емдеу мекемелерінің басшылары қатысты. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Иван Клименко, Бейбіт Мамраев және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерлік, гинекология және перинатология ұлттық орталығының бас директоры Динара Мырзахметова, Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының директоры Риза Боранбаева мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева баяндама жасап, кездесуге жиналғандар сауалдарына жауап берді.

DSC_0898

Айта кетейік, Атырау облысында бала туу көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға төмендеген. Бұған әйелдер арасындағы түрлі патологиядағы аурулар себеп болып отыр. Оның үстіне жүкті әйелдер арасында ең көп кездесетін қаназдық азаймай келеді.

Өткен жылы өңірде 16556 әйел қалыпты босанған болса, оның 923-і мерзімінен бұрын жеңілденгендер.  Сондай-ақ, облысымызда 15-17 жастағы жасөспірім қыздардың жүктілігі азаймай тұр. Жасөспірім жастағы жүкті аналардың 91-і қалыпты жағдайда босанса, он бесінің ресми түрде түсік жасатқаны тіркеуге алынды.

Нұргүл Ысмағұлова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button