Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауға Мәжіліс депутаттары келді (ФОТО)

Атырауға іссапармен келген  Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Смағұл Бақытбек, Бақытгүл Хаменова мен Ирина Унжакова алдымен жұртшылықпен, жергілікті мәслихаттар  депутаттарымен кездесу өткізді.

2018-01-04-PHOTO-00000098

Мәжіліс депутаттары Парламентте  атқарылған жұмыстармен таныстырды. Мәселен, Бақытгүл Хаменова іссапар барысында жергілікті азаматтардың мәселесіне заңдық тұрғыда көмек көрсетумен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізген халық қалаулылары атыраулық  тұрғындардың өтініш-тілегіне құлақ түрді. Қабылдауға келгендердің бірі Болат Дәулетияров Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлерге жәрдемақы тағайындау туралы мәселе көтерді. Оның айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан тек мүмкіндігі шектеулі азаматтар ғана жәрдемақы алады. Ал, ардагерлерге жәрдемақыдан бөлек шипажайлар қарастырылмаған.

2018-01-04-PHOTO-00000103

Қоғамдық қабылдауға келген жалғызбасты ана Нұрбану Темірова баласын жұмысқа орналастыруға қол ұшын созуға көмек сұрады. «Балам өткен жылы жоғары оқу орнын бітірді. Алайда, өңірде еңбек өтілі жоқ  жас мамандарға мұнай саласына жұмысқа орналасу қиын» дейді ол.

2018-01-04-PHOTO-00000105

2018-01-04-PHOTO-00000108

Тұрғындар көтерген  жайттарға назар аударған Мәжіліс депутаттары мен тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері кеңестер беріп,  мәселенің заңдық жолдарын түсіндірді.

Іссапар барысында депутаттар аудандарды аралап, ауыл тұрғындарымен де жүздеспекші.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button