Жарнама
Жаңалықтар

«ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – АТЫРАУ»

 

Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты Әбілхайыр хан (1693 -1748),  Бөкей хандығының құрылу тарихы (1801), Бөкей ордасының негізін салушы Бөкей Нұралыханов және Бөкей ордасының соңғы  ханы  Жәңгір (1801-1845), Бөкей ордасындағы уақытша кеңесте  тілмаш және 1852-1892 жылдары Каспий теңізі жағалауының 1-ші және 2-ші аймақтарының әкімі (правителі) Мақаш Бекмұхамедовтың (1830-1904) өмірдеректері мен фотосуреттері және  мөрлері, Бөкей ордасында ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысты бұйым түрлері бар.

 Кіші Жүздегі халық батырлары Сырым Датұлы (1712-1802), ұлт-азаттық көтеріліс басшылары (1836-1838 ж.ж.) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына қатысты фотосуреттер және заттай бұйымдар 200 жылдық тарихы бар қайрақ тас, дауылпаз ақынның домбырасының көшірмесі көрмеден орын алған.

Қазақ мұнайының тарихы және  қазіргі мұнай компаниялары, Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, өнер және әдебиет, спорт салаларының даму тарихы және дамытуға үлес қосушылардың  фотосуреттері мен құжаттары бойынша 17 дана тақырыптық планшеттерге орналастырылып, жергілікті қолөнер шеберлерінің этнографиялық туындылары, сүйекпен және күміспен әшекейленген ер үзеңгісі мен  күмістелген қамшы (ХХ ғ), ағаш ыдыстар, сүйек пластинкалы, күміспен өрнектелген домбыра (ХІХ ғ), зергерлік әшекей  бұйымдары  түрлері, сонымен қатар, Ш.Сариев атындағы қолданбалы және сәндік өнер мұражайы қорынан  60 дана картина   қойылды.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button