Жарнама
Жаңалықтар

АСТРАХАННАН АЛТЫНМЕН ОРАЛДЫ

 

Байқауға барлығы үш мыңнан астам адам қатысты. Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «Шектеусіз таланттар» би мектебі ашылған болатын. Оған татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігі «Татулық» ән-би ансамблінің жетекшісі Гүлсина Байкенова басшылық жасайды. Аталған мектептің бишілері Асылай Ақбергенова, Назгүл Байғара, Жұмабай Жұмағалиев үлгілі өнерлерімен көптің көңілінен шықты. Ал, арбада билейтін жас өнерпаз Данила Давыдовқа қазылар алқасы арнайы сыйлық тарту етті.

Сондай-ақ, атыраулық суретші Бақыт Салиев пен қолөнер шебері Берекет Ақжігітов бірінші топ мүгедектігіне қарамастан, байқауға «Сарайшық», «Әлем балалар көзімен», «Көлде», «Бақыт құсы» туындыларын ұсынып, бірінші орынды жеңіп алды. Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құралған «Таңшолпан» би ансамблі мен жас әнші  Сулейман Фоминнің де халықаралық байқауда жұлдызы жанды.

А.ШАМАР.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button