Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ассамблеядан ­– арыстық балаларға

Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. Арыс қаласында тұратын балалардың бір тобы жазғы демалысын Атыраудағы «Тұлпар» тынығу лагерінде өткізуде. Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері арыстық балаларға қайырымдылық көмегін көрсетті.

− Арыстағы ағайындардың басына түскен қиындық – бәрімізге ортақ қасірет. Сондықтан, оны бөлісу­ – әрқайсысымыздың парызымыз, азаматтық борышымыз. Осындай ізгі ниетпен өңірімізге демалуға келген өрендердің көңілін көтеріп, қолымыздан келген көмегімізді жасауды жөн көрдік. Сый-сияпаттарымызбен бірге өнерпаздарымыздың күшімен дайындалған концерттік бағдарламамызды да ала келдік.

«Жан шуағы» деген атпен ұйымдастырылып отырған бұл жолғы қайырымдылық шарасына облыстағы этно-мәдени орталықтардың мүшелері мен Достық үйінің қызметкерлері өз үлестерін қосуда. Мұның бір жағы қазіргі уақытта елімізде жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясымен де ұштасуда, — деді «Тхоньил» корей ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Людмила Ли.

Арыс қаласынан келген Құрманбек  Ақберді әуелеткен «Мен қазақтың ұлымын» әнімен ашылған сазды бағдарлама одан әрі этно-мәдени орталықтардың жанынан құрылған ән-би ансамбльдері мен вокал топтарының орындауындағы әндермен жалғасты. Бұдан соң сайқымазақтар жүздері  қуаныштан бал- бұл жанған балаларды күлкіге қарық қылды. Соңынан «Тұлпар» лагерінде тынығушы арыстық 47 баланың әрқайсысына оқушы сөмкесі мен оқу құралдары мен тәттілер таратылды.

Дәулетқали АРУЕВ

DSC 1198
DSC 1216

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button