Тұрғын үйдегі жарылыстың себебі неде?

034ab16b efbf 4cf2 a820 17f4413cc789 Қоғам

Қарашаның 10-на қараған түні Атырау қаласындағы «Балауса» шағынауданындағы жеке тұрғын үйде жылыту қазандығы жарылды. Оқыс оқиғаның салдарынан аумағы 120 шаршы метрді құрайтын үй отқа оранып, 3 адам зардап шеккен. Бүгінде олар облыстық ауруханада емделуде.

Жарылысқа не себеп болды? Болашақта оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қандай шаралар жасақталуы қажет? Осы сауалдардың жауабын білмек болып құзырлы мекемелерге хабарласқан едік.

Атырау облысы ТЖД өрт бақылау басқармасының бастығы Назымбек Балтабековтың айтуынша, олар профилактикалық шаралармен айналысады. 

Яғни тұрғындарға ақпарат таратып, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен бірлескен рейд барысында қауіптің алдын алу шараларын түсіндіреді. Олар осыдан бір апта бұрын «Өңірлік корпоративті басқару» орталығының мамандарымен бірлесіп Ақсай, Геолог елді мекендерінің аумағын тексерген.

Ал, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының бөлім басшысы Құрманбек Өмірзақов «Біз газ тасымалдаушы мекемеміз. Сондықтан мәселеге тікелей қатысымыз жоқ» деп жауап берді.

– Өрт сөндірілген соң ТЖД ма- мандарымен бірге оқиға орнын ба- рып көрдік. Дәлелдейтін видеосы да бар. Айтқым келгені, газ қазандығы мен есептегіші де бұзылмаған бүтін қалпында тұр. Енді өрттің себебін тергеп-тексеру аяқталған соң білетін боламыз, – деді ол.

Сұхбаттасушымыздың айтуынша, көгілдір отынға қатысты техникалық қызмет көрсетуді сертификатталған 15 шақты жекеменшік компания атқарады. Олар жауапкершілігіне алған шағынаудандар мен селолық округтер тұрғындарына қызмет көрсетеді. Алайда, өкілден «Балауса» шағынауданына қай жекеменшік құрылым қызмет көрсететінін сұрағанымызда, ол білмейтінін айтты.

– Біздің мекеме газ сатады, сосын оның төлемақысын жинайды. Жеке құрылымдар техникалық қызмет көрсетеді. Бірақ, «104» нөміріне түскен хабарламаны «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қабылдап,

бірден апаттық бригадамен шақырған жерге жедел барады. Негізінде, қауіпсіздік мәселесі газ тұтынушыға жүктелген, – деген бөлім басшысының сөзінен көп жайға көз жеткізгендей болдық.

Көпшіліктің көкейінде «төлемақысын алғасын қауіпсіздікке ешкім жауап бермей ме?» деген заңды сұрақ туындайтыны рас. Шынымен техникалық қызмет көрсететін жекеменшік компанияларға бақылаудың жоқтығы байқалады. Мұндай олқылық осы қызметке қатысы бар барлық ұйымдардың қызметін үйлестіретін, газ жеткізушіге, қызмет көрсетуші компанияларға, қатысты шағымдарды қарайтын газ-техникалық инспекцияның жоқтығынан болса керек…

27c9e5aa 8fb2 4a74 bd13 8502af04990c

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Нұрғиса Шахметов былтырғы наурыздағы бұйрық бойынша мұндай функция қалалық тұрғын үй-коммуналдық инспекци- ясына жүктелгендігін айтып отыр. Алайда, кадр жетіспеушілігіне байланысты бұл қызмет жүзеге аспаған.

– Алдағы уақытта қаржылық мәселе шешімін тапқан соң біліктілікті арттыру мақсатында техникалық білімі бар кадрларды оқытуға жіберу жоспарланған. Ол маман газ және газбен жабдықтау саласын бақылау, техникалық құрылғыларды есепке қою-шығару бойынша жұмыс атқаратын болады, – деді басқарма маманы.

Құзырлы органдар «Балауса» шағынауданындағы жарылыстың себебін тек сот-сараптама нәтижесінің қорытындысы бойынша нақты айтатынын жеткізді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз