Атыраулық бала әкесінің көз алдында суға кетіп көз жұмды

ropoporp Қоғам

Сағат 11.35-те Жайық өзенінде құтқарушылар 13 жасар баланың денесін тауып алып, судан шығарды.

Ол 19 маусымда сағат 14.00-де суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кетті. Әкелі-балалы бірге суға түсуге келген екен. Олар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары. Баланың денесін іздеу екі күнге созылды. Индер ауданының 10-ға жуық тұрғыны төрт құтқарушымен бірге іздеуге көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда шомылу маусымы 15 маусымда басталды. Жыл басынан бері өңірде 9 адам суға батып кетті, оның үшеуі балалар.

– 2021 жылы 21 адам суға кетті, оның ішінде төртеуі бала. Көбінесе мұндай оқиғалар ата-аналардың абайсыздығынан, рұқсат етілмеген жерде шомылатын жерде болады. Сондай – ақ, демалыс кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуіңізді сұраймыз, – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз