Жарнама
Жаңалықтар

Әскери әлеует артып келеді

Global Firepower ұйымы 2025 жылға арналған әлем елдерінің әскери қуатын бағалайтын жаңартылған рейтингін жариялады. Биыл Қазақстан 145 мемлекет арасынан 57-орынға көтеріліп, өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға алға жылжыды. Бұл жетістік еліміздің қорғаныс әлеуетінің тұрақты түрде дамып келе жатқанын және Орталық Азия аймағындағы жетекші әскери күш ретіндегі мәртебесін растады.

Қазақстан Республикасының Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының хабарлауынша, рейтингтегі бұл алға жылжу – Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасын нығайту, кадр даярлау жүйесін жетілдіру және әскери ынтымақтастықты кеңейту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

Global Firepower рейтингі әскери техника, адами ресурс, қаржылық мүмкіндіктер, географиялық жағдай және логистикалық әлеует сынды 60-тан астам көрсеткішке негізделіп жасалады.

Қазақстанның бұл көрсеткіші елдің халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге деген ұмтылысын дәлелдейді.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: ortcom.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button