ЖаңалықтарСаясат
Асқар Мамин — Қазақстанның Премьер-Министрі
Atr.kz/25-ақпан, 2019 жыл. Асқар Мамин Қазақстанның Премьер-Министрі болып тағайындалды. Бұл туралы «Ақорданың» твиттердегі ресми парақшасында жарияланды.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Нақтылай кетелік, бүгін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді ұсынған болатын. Парламент Мәжілісі ҚР Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
Дереккөз: ҚазАқпарат.