Мемлекеттік қордан пəтер кезексіз берілмейді

img 20191121 wa0001 Жаңалықтар

Atr.kz/21 қараша, 2019 жыл. Бұл туралы бүгін Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев мəлімдеді. 

«Мұқтаж азамат мемлекеттік қордан үй алу үшін, міндетті түрде кезекке тұруы тиіс. Ешкімнің əлеуметтік, отбасылық, денсаулық өзге де жағдайларын ескеріп, кезектен тыс пəтер бере алмаймыз. Заңдылық бойынша пəтер кезекпен беріледі. Жəне Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, көп балалы аналарға  баспана кезегінің арнайы тізімі жасақталды» деп атап өтті Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетелік, бүгін Мемлекет Басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында жүктеген міндеттерді орындау мақсатында Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алдын ала мəлімет бойынша, Атырау облысы əкімінің  қабылдауына 160-қа жуық азамат жазылған.
Қабылдау кешкі 18.00-ге дейін жалғасады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

img 20191121 wa0000
img 20191121 wa0002
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз