Қазақстандық блогер: Қазақтар Адам атаның тікелей ұрпағы (фото)

Жаңалықтар

Бақыткелді Ниязбеков әлеуметтік желіде ұлттық, патриоттық тақырыптарды белсенді түрде жазушылардың бірі. Бұл жолы блогер қазақтардың шығу тарихы туралы сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

pogudx12429gukhuo.d738b29b

«Қазақ- керісінше оқысақ та – қазақ. Бірақ, бізде ғана адамды біздің арғы тегіміз  – Адам деп атайды.

«Человек» қазақ тілінде – Адам. Мысалыға, «Е, мынау адамның баласы ғой» – «Е, бұл Адамның ұрпағы».  Осыдан кейін біз Адамның ұрпағы екенімізді жоққа шығарып көр», – дейді өз сөзіне сенімді ер адам.

pogudx29nv5kg4ecvg.f4161176

«Тілі де байырғы,  ұлттың өзі де адамгершілігін сақтаған әлемдегі ең – Адамизациялы ел».

Бір нәрсе жаман  болса, ол адамға таңба басып «Мынауың Адам болмайды» дейді.  Демек, жануардың деңгейіне түстің дегенді білдіреді.  Бұл жануарлардың емес, Адамның ұрпағы екеніңнің тағы бір дәлелі. 

Қазақтар кейде «Е, мынау маймыл болады» дейді, – ойын жалғаған Бақыткельды Ниязбеков.

«Осының себебінен де бізде жеті ата ережесі қалған, яғни жеті атаға дейін үйленуге тыйым салынады.

Адам мен Ева Жер бетіндегі алғашқы жандар болғандықтан, бұл тыйым жақын адамдардың бір-біріне үйленбеуі үшін шыққан болар. Біраз уақыттан кейін ғана Адам ұрпақтары жер бетінде тарады.

Әрине бұл анализ бен ой ғана, ал мұның анығы Адамды жаратып, оның ұрпағын жер бетіне таратқан Аллаға ғана аян , – деді блогер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз