«Ашық мемлекет» қалыптастырудың қыр-сыры
Аtr.kz/21 мамыр, 2020 жыл. Таяуда мемлекеттік құрылымдардың ашықтығын нығайту, әкімдер мен тұрғындар арасындағы байланысты орнату мақсатында жобалық кеңсе жетекшісі Альфия Әдиеваның бастамасымен «Әкімдер апталығы» өтті.
Аудан әкімдері не дейді?
Аудан әкімдері тікелей эфирде өңірдің ахуалын баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Қ ы з ы л қ о ғ а а у д а н ы н ы ң ә к і м і Нұрсұлтан Бисембиев «Пандемия кезіндегі аудандағы ахуал» тақырыбында алғашқы тікелей байланысқа шықты. Тұрғындардың басым көпшілігін ауыз су мәселесі, өр суының тасуының алдын алу және мал шаруашылығы бойынша сұрақтар мазалайды.
Қ ұ р м а н ғ а з ы а у д а н ы н ы ң ә к і м і Қайрат Нұртаевтың айтуынша, аудан орталығынан 70 км қашықтықта орналасқан Көптоғай ауылында екі мыңнан астам тұрғын бар. Олар аудан орталығына қатынау үшін кемемен жүзіп өтеді. Әзірге көпір салуға қаражат жоқ. Биыл жаңа кеме сатып алумен шектеліп отырған көрінеді. Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекетпен с ұ х б а т б а р ы с ы н д а «моноқаланың дамуына не кедергі?» деген сұраққа жауап ізделді. Зерделеу нәтижесінде, жол және ауыз су мәселесі айта-айта жауыр болған өзекті мәселе екені анықталды.
Мәселен, өткен жылы басталған Құлсары қаласындағы Махамбет орталығының тасжолы әлі күнге аяқталмаған. Тендерден 280 млн. теңге бөлінген жұмысты ұтып алған ақтаулық құрылыс компаниясы сапасыз жартылай жол салып, құрылысты аяқсыз қалдырды. Алайда, жартылай сапасыз құрылысы үшін аудан бюджетінен 90 млн. теңгені алып үлгерген. Әкімнің айтуынша, компания үстінен сотта іс көтерілді.
Сол сияқты іргетасы қаланған Абай мектебінің құрылысы, өзге де ауылішілік жолдар жартылай басталып, аяқсыз қалған жұмыс көп. М а х а м б е т а у д а н ы н ы ң ә к і м і Жәрдемғали Ахметов дезинфекция жұмысына 2 млн. 400 мың теңге бөлінгенін мәлімдеді. Залалсыздандыру жұмыстарына аудан кәсіпкерлері де көмектерін көрсетуде. Эфир барысында аудандағы 60 пәтерлік үйлердің тұрғындары ауыз судың сапасы жөнінде наразылық білдірді.
Ең басты мәселе, Талдыкөл ауылының тұрғындары үшін биылғы жылы жол мәселесі оңтайлы шешілетін болды.
Облыс халқының басым бөлігін көкөніс, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан ауданда биылғы жылы жоспар бойынша 500 гектар картоп, 795-385 гектарға дейін бау-бақша, көкөніс өнімдерін өсіру жоспарланды. Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи төтенше жағдай кезінде аудандағы ахуалдың тұрақты екенін айтты. Ауданда 6000 оқушы қашықтан білім алса, оның ішінде 600 оқушы компьютер және роутерлермен қамтамасыз етілген. Мейірім Жоламанұлы аяқсыз қалған жол мәселесі мен сапасыз салынған тұрғын үйлердің барын жасырмады.
Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкинге « А қ и қ а т » қ о ғ а м д ы қ бірлестігінің төрағасы Газиз Габдулов аудандағы екі полигонды қоршауды ұсынған екен. «Алайда, бұл үнге құлақ асқан әкім жоқ, керісінше жаңа полигон салмақшы» деп шағымданды. Ал, әкім «Г.Габдуловтың айтып отырған полигондары Мақат кенті мен Доссор кентіне тым жақын. Аудандағы қоқыс мәселесін біржола шешу үшін облыс әкіміне жаңа полигон салуды ұсындық» деп жауап берді. Бүгінде бұл ұсыныс бірнеше рет сараптаудан өтіп, басшылық тарапынан қолдау тауып, биыл жаңа полигон салынбақ.
Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев телеграм чаттағы тұрғындардың сұрақтарына мардымды жауап бермейтін болып шықты. Аққыстау, Исатай, Тұщықұдық, Жанбай ауылдары он жылдан астам уақыт бойы тасжол көрмеген екен. Қазіргі уақытта ауданішілік 119 км жолдың әбден тозығы жеткен, тіпті жол жоқ деуге де болады. Автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына биыл 1,1 млрд. қаржыны бөлу жоспарланып отыр.
Мониторинг нәтижесі нені көрсетті?
Атырауда мамыр айының 13-нен бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары қайтадан жұмысын бастағаны белгілі. Осыған орай қызмет сапасын бақылау мақсатында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Дәурен Құндызбай мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, т ұ р ғ ы н д а р д ы ң қ а ш ы қ т ы қ т ы сақтамайтындығы анықталды. Кейбір тұрғындар бетперде мен қолғапсыз жүр.
– «Алдымен Баймұханов көшесінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығының жағдайымен таныстық. Әлеуметтік қашықтықты сақтамай бір жерге шоғырланған адамдар қызметкерлердің ескертулерін елеусіз қалдырды. Ал, ғимараттың ішінде келуші азаматтар үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлер қойылмаған», — дейді жобалық кеңсе өкілі.
Ал, келесі барған Қ.Сәтпаев көшесінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында да осындай көрініс орын алды. Жиналған бір топ адамнан кезекті қалай алғандарын сұрап-білген. Біреуі «егов.кз арқылы онлайн кезек» алдым десе, енді бірі сайттағы техникалық ақаулардан кезегін ала алмағанына шағымданады. Жалпы, бақылауға алған екі бөлімшеде де карантинге байланысты талаптар сақталмаған. Осыған орай жобалық кеңсе санитарлық-дезинфекциялық режимді қалпына келтіру және электронды кезекті алуды қолжетімді ету туралы нақты ұсыныстар дайындады.
Дайындаған: Майра ОРАЗҒАЛИЕВА
Қоғам белсендісінің қосымша қызметі
«Атырау – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің басшысы Альфия Әдиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Атырау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Альфия Дәулетқалиқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Журналистика саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. «4 билік» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы және төрағасы. «Атырау – адалдық алаңы» жобасы аясында 2019 жылдан бастап тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерімен айналысып, қоғамдық бақылауды жүзеге асырып келеді