dbf181081ca9db74f786066e16e1846f

Ашық сайлау өткізуге барлық жағдай бар

Жаңалықтар Саясат

  Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл.   «Қасым-Жомарт Кемелұлының кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бұл шешімді қабылдауын барша қазақстандықтар қолдап отыр» деді Атырау бизнес және құқық колледжінің  директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлы Әйтиева  Atr.kz-ге берген сұхбатында.

«Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының сара жолын сабақтастықпен жалғастырушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттар мен этнос өкілдерінің Конституциялық құқықтарын толық пайдалануына мүмкіндік беріп отыр.

Ajtieva Nurly Telmanovna predsedatel ADZH po Atyrauskoj oblasti

  Президент қол қойған Жарлықта атап көрсетілгеніндей, еліміздегі тиісті органдар сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасақтап, оның  дұрыстығын қамтамасыз ету, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсету арқылы әділ, әрі ашық сайлау өткізуге барлық жағдай бар» деді спикер   Atr.kz -ге берген сұхбатында.

Бақытжан ЖҰМАТ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған