Махамбет ауданында кәсіпкерлікті қолдау бағытында 3 нысан ашылады

31961628 456878611413477 8720626804685012992 n 1 Жаңалықтар

Махамбет ауданында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған үш нысан ашылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

31961628_456878611413477_8720626804685012992_n

Ауданда бизнес-инкубатор, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Нарын» коммуналдық базары жақын арада пайдалануға беріледі.

Махамбет аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта «Нарын» базарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мұнда өз өнімдерін делдалдарсыз өткізбек.

– Жалпы ауданы 4500 шарты метр ғимаратта аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, аудандық кәсіпкерлер палатасы және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы орналасатын болады. Өз ісін ашқысы келетін кез келген адам осы жерден барлық туындаған сұрақтары бойынша кеңес алады. Сондай-ақ, «Нарын» базарында жергілікті аграрлар өз өнімдерін сата алады, – дейді Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Жексенбай Пазылов.

Айта кетейік, «Нарын» коммуналдық базарындағы бағаға негізсіз көтеруге жол бермес үшін Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары қатаң бақылау жасайды.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз