Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Қашағанда 1 жылдың ішінде 6 миллион тонна мұнай өндірілген

«Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» (НКОК) компаниясы игеріп жатқан Қашаған теңіз кен орнында алты миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл – аймақ бойынша ең жоғары көрсеткіш.

2357021

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 28 қыркүйегінде аталған компания «А» аралындағы алғашқы ұңғымаларды қайта іске қосу жұмыстарын жүргізген болатын. Осы уақыт аралығында мекеме алты миллион тонна мұнай өндіріп үлгерді. Бұл болжамды көрсеткіштерден анағұрлым артық.

Сонымен бірге, Қашаған кен орнында 1,7 млрд. текше метрден астам газ өндірілді. Компанияның баспасөз қызметінен білгеніміздей, ол «ҚазТрансГаз» құбыр желісі бойынша экспортқа жөнелтілген екен.

Амандық Абдолов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button