Жарнама
Жаңалықтар

Қашаған қайта жанданды

Қашаған кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды. Әзірге бұл жұмыс тестілік режимде ғана жүргізілуде.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.Вкомпаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «D» аралындағы бірнеше нысанға көмір қышқылды шикізат жіберілген. Сонымен қатар, жағадағы «Болашақ» қондырғысы мен жаңа құбырлар арқылы да «қара алтын» өте бастаған. «Қазіргі уақытта іске қосу мен сынақ жұмыстарының күрделі процесі барысында нысандардың кейбір бөліктеріне, жағаға баратын жаңа алмастырылған құбыр желілеріне көмірсутек шикізаты жіберілуде. Тұрақты өндірістің бастапқы деңгейіндегі табысқа қатысты қосымша ақпараттар болуы мүмкін. Біздің басты міндетімізкелешектегі іске қосу мен сынақ жұмыстары кезінде қоршаған орта мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» делінген хабарламада.

Үлкен істің басықасында жүргендердің пікірінше, жобаны іске қосу және оны сынақтан өткізу жұмыстары шамамен бір айға созылады. Осыдан кейін ғана «қара алтынды» коммерциялық мақсатта өндіруді бастау туралы шешім қабылданбақ.  Алғашқы айларда тәулігіне 90 мың баррель мұнай өндіру жоспарланған. Кейін бұл көрсеткішті 180 мың баррельге жеткізу көзделіп отыр.  Ал, 2017 жылы Қашағандағы мұнай өндірісі жоғары деңгейге көтерілмек. Бұл шамамен тәулігіне 370 мың баррельді құрайды.

Айта кетейік, 2013 жылдың 11-қыркүйегінде Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай алынды. Теңіз астындағы қазына 2000 жылы ашылған еді. Дегенмен, мұндағы жұмыс ұзаққа созылмады. Апаттық жағдайға байланысты мұнай өндіру дереу тоқтатылды. Оған жерүсті қондырғыларына кен орнынан келетін құбыр желілерінің шытынауы себепші болды. Содан бері қаңтарылған Қашағанға бүгінде қайта «жан бітіп» отыр.

Азамат

базарбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button