Атырауда «Күзгі бал – 2017» сайысы жоғары деңгейде өтті (ФОТО)

IMG 6525 Жаңалықтар

Атырауда «Күзгі бал – 2017» сайысы жоғары деңгейде өтті.

IMG_6525

«Біздің өткізіп жатқанымыз облыс студенттері арасындағы күзгі бал. Бұл шара үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда жарысқа 250-ге жуық үміткер қатысуда. Әркім әртүрлі дайындалған. Өнерлері өте тамаша шықты. Былтырғыға қарағанда биыл ерекше деңгейде болғанын жөн санадық. Сөйтіп, мәдениет сарайында емес, жастардың сұрауымен салтанат сарайында өткіздік. Жас таланттардың шығармашылықтарын дамытуға жақсы бір себеп болды. Себебі, олардың арнайы осындай сайыстарда ғана басқа қырларына куә боламыз»,-дейді «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дәурен Сейітқалиев.

IMG_6527

Өздерін және білім алып жатқан оқу орындарын «Vine» форматында таныстырып, ең үздік балдық киім үлгісі, креативті өнерлері бойынша бақ сынаған жұптар бар өнерлерін ортаға салды. Олар талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей біліп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Жарасымды жұптардың қай-қайсысы да өз кезектерінде бірінен-бірі асқан талап, таланттарымен ерекшеленді.
IMG_6528

Әсіресе, медицина колледжінен Нұрсәт пен Ақтолқын күзгі сән үлгісін мамандықтарына сай көрсетті. Ал, Саламат Мұқашев атындағы колледжден келген Бейбарыс пен Аружан ерекше биімен көрермендерін тәнті қылды.

IMG_6526

Байқау қорытындысы бойынша, Гран Приге Атырау медицина колледжінің студенттері Нұрсәт Исламғалиев пен Ақтолқын Мақатова ие болды. Жүлделі бірінші орын – Саламат Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің студенттері Бейбарыс Орынбасаров пен Аружан Бектеміроваға, екінші орын – Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің студенттері Әлішер Серікқалиев пен Аида Өмірғалиға, үшінші орын – Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері Алтынбек Өтегенов пен Айназ Сүйіндіковаға берілді.

Гүлдана Жамбозова

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз