
Жаңалықтар
Асанәлі Әшімовтің атаулы ағашы
Қазақ театр және кино өнерінің мэтрі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан театрлар қауымдастығының төрағасы, «Жаңа ғасыр» жастар театрының жетекшісі Асанәлі Әшімов Атырау жастар театрының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында ол жас әріптестеріне батасын берді. Ұлттық кітап күніне орай өзінің өмірі мен өнері жайлы жазылған «Асанәлі Әшімов» атты кітапқа қолтаңбасын қалдырды. Бұдан кейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Атырау жастар театры орналасқан ғимараттың жанындағы алаңқайға өзінің атаулы ағашын отырғызды.

Кездесу соңында жастар мәртебелі мейманның құрметіне ән шашуын тарту етті.




Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ