Арыз артында адам тағдыры тұр…
Атырау облысы бойынша 2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша қаралған жеке және заңды тұлға өтініштерінің қорытындысы шықты.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 6354 өтініш түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан – 4944, заңды тұлғалардан – 1410 өтініш, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 %-ға кеміп отыр (6547 өтініш).
ЖАО-ға келіп түскен өтініштердің, оның ішінде облыс тұрғындарын мазалайтын аса өзекті мәселелері мен сұрақтары:
— жер телімдерін беру және жер даулары – 462;
— әлеуметтік сала (негізінен тұрғын үй беру, жәрдемақы төлеу, материалдық көмек көрсету, проблемалы несиелерді қайта қаржыландыру, жұмысқа орналастыру, білім беру, денсаулық сақтау және т.б) – 318;
— сумен қамту, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығының проблемалық мәселелері және т.б – 169;
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен байланысты карантин режиміндегі Атырау өңіріне кіруге, шығуға рұқсат алу мәселелері.
Есепті кезең ішінде ЖАО-ға түскен өтініштердің ішінен (6354) Атырау қаласы әкімдігінің үлесі (3585) — 56,4 % құрады.
Жалпы ЖАО-ға түскен өтініштердің 560 оң шешілді, оның ішінде жер мәселесі бойынша — 145 өтініш, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету — 137, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері — 12, короновирусқа қарсы іс-шаралар — 23, азаматтыққ хал актілерін тіркеу — 79, денсаулық сақтау — 26, ауыл шаруашылығы — 7, білім беру — 20, құрылыс – 25, еңбек қатынастары – 72, басқа да мәселелер – 14.
5 794 өтініш бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктеме берілді.
Бұдан басқа барлық деңгейдегі әкімдермен жеке мәселелері бойынша 398 азамат қабылданды, қабылдау нәтижелерімен 68 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 330 азаматқа қабылдау үстінде заңнама шеңберінде түсінік берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Атырау облысы, қала және аудандар әкімдіктерінде Фронт-кеңселері ашылды. Фронт-кеңселер сервистік әкімдік принципінде жұмыс жасайды, яғни азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырады.
Облыс әкімдігі ғимаратында Фронт — кеңсе ашылғалы 2000 — нан астам азаматтар әр түрлі мәселелері бойынша сұрақтарымен хабарласқан.
Фронт-кеңсе жұмысына әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылған.
Сондай-ақ, құқық қорғау блогының өңірлік қоғамдық қабылдау өкілдерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және азаматтарды қабылдау барысында оларға заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсету аясында тиісті қоғамдық ұйымдармен бірлескен меморандум жасақталған.
Кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету өтініш берушілерді фронт — кеңседе қабылдау барысында және қоғамдық қабылдау бөлмесінің Call-орталықтарына (87122-35-41-91, 35-45-51) келіп түскен өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай да жалғасатын болады.