Қарттарым, аман-сау жүрші…

Бүкіләлемдік қарттар күні қарсаңында Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінің қызметкерлері осы сала ардагері Жәдігер Құспановтың шаңырағында болды.

Алдымен мекеме басшысының орынбасары, әділет подполковнигі Исатай Қажымұратов зейнеткерді мерекемен  құттықтады.

Туған өлкеміздің өсіпөркендеуі жолындағы еңбегіңіз бен қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Сіздің еңбексүйгіштік қасиетіңіз, табандылығыңыз ұрпақ үшін қашанда үлгіөнеге. Біз ақсақалын ардақтаған, салтжоралғысын салмақтаған жасампаз ұлттың ұрпағы ретінде сіздей қазына кеуде қарияға құрмет көрсетуді қасиетті борышымыз санаймыз, – деген ол қарияға Алғыс хат пен сыйлықтарын  табыстады.

Жәдігер Құспанов ғұмырының саналы бөлігін құқық қорғау органдарына арнаған. Яғни, 1974-1994 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде үзбей жиырма жыл бақылаушы қызметін атқарды. 

– «Көңіл көңілден су ішеді» деген,  ескерусіз қалдырмай, шаңырағыма келіп, көңілімді көтергендеріңізге алғысым шексіз, – деген 81 жастағы ақсақал елдің амандығын тілеп, бата берді. Өмір, еңбек жолындағы естеліктерімен де бөлісті.

рИТА Өтеуғали

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз