87376383 2662203464000028 4702291347128713216 n

Атыраулық Бекзат әлемді аузына қаратты

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Словакия елінің Братислава қаласында карате-додан жастар арасында «Grand Prix» турнирі өтті. Осы додаға қатысқан Олимпиадалық резервін дайындау орталығының спортшысы Бекзат Руслан 68 келі салмақ дәрежесінде  барлық қарсыластарынан басым болып,  жеңімпаз атанды.

Жарыс жолында жерлесіміз алты кездесу өткізіп, іріктеу кезеңдерінде Польша, Украина, Чехия және Венгрия елдерінің спортшыларын ұтты. Жартылай финалда Аустрия спортшысын қапы қалдырып, ақтық сында әзірбайжандық спортшыны жерге қаратты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

87382954 2662203364000038 9151532631450451968 o

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған