Атырауда коронавирустың асқынған түрімен 16 науқас ем алуда

whatsapp image 2021 04 01 at 16.59.32 Жаңалықтар

“Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған”, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам бар. Оның ішінде 12 адам ауыр халде, 4 адам өте ауыр халде.

– Олардың сегізі 65 жасқа дейін, тағы 8 науқас 65 жастан асқан. 16 адамның бесеуі ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Барлық ауыр науқастар Денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауында. Сондай-ақ күн сайын Нұрсұлтан қаласының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы республикалық ахуалдық орталық мамандарының, сондай-ақ республикалық орталықтардың бейінді мамандарының консультациялары өткізіледі.

Айта кетейік, 2021 жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесіне дейін реанимацияда 11 адам болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз