Жарнама
Жаңалықтар

Әріптес — жаңа қызметте

Атыраулық тележурналист Шынар Ихсанғалиева «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол 1974 жылы 20 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. Теледидар саласында 28 жылдық тәжірибесі бар. 1995 жылдан бастап «Қазақстан «РТРК» АҚ және «Хабар «Агенттігі» АҚ өңірлік және Орталық бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап редакциялық бөлімнің редакторы, өңірлік хабар тарату бөлімінің бастығы, жастар және танымдық-оқу бағдарламаларының шығармашылық бірлестігінің редакторы және жетекшісі, продюсер, бағдарламалар өндіру жөніндегі шығармашылық бірлестіктің басшысы лауазымдарын атқарды. Ал 2019 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК «АҚ «Qazaqstan» телеарнасы директорының орынбасары, бағдарламалар өндіру дирекциясының басшысы болды.

Әріптесіміздің бүгінгі жаңа қызметіне сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button