Жарнама
Жаңалықтар

АРДАГЕРГЕ – АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

— Ел басына күн туған қиын шақта ер етігімен су кешіп, майдан шебінде ерліктің үлгісін көрсеттіңіз. Соғыстан кейінгі қиын жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге үлес қостыңыз. Қазақстан егемендігін алып, жылдан жылға гүлденіп келе жатыр. Сондықтан, Сізге алдымен шаттықты ғұмыр тілейміз. Көрер қызық көп болсын, – деген облыс басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы мерейтой иесін құттықтап, зор денсаулық тіледі.

Мерейгердің өмір белестеріне тоқталған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов оған Ғатих Маштақовтың «Заман сыры» атты кітабы мен Қаршыға Ахмедияровтың күй жинағын табыс етті. 

— Облыс әкімінің біздей қарттарды ұмытпай, ескеріп жүргені көңілге үлкен қуаныш ұялатады. Біздің облыс елімізде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Өңіріміз алдағы уақытта да барлық сала бойынша жоғары жетістіктерге жетсін деп тілеймін! – деген мерейгер Әлібек Түсібалиев ризашылығын білдірді.

Ардагер ұстазбен емен-жарқын әңгімелескен облыс басшысы кездесу соңында мерейгерге ескерткіш сыйлық пен құттықтау хатын табыстады. 

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button