«Жас Отауға» құжат тапсыру басталды

IMG 3565 30 11 18 08 44 Жаңалықтар

Атырауда жас отбасыларға арналған «Жас Отау» бағдарламасына құжат тапсыру басталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_3565-30-11-18-08-44

25 желтоқсанда «Нұрсая» ықшам ауданы 14 көшедегі 25-үйдің жанында орналасқан 5 қабатты 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. 

Осыған орай, Атырау облысы бойынша көппәтерлі тұрғын үйге үміткер ретінде құжаттары төмендегідей іріктеу жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтар қатыса алады:

1. Әлеуметтік пәтерлерге үміткер ерлі-зайыптыларының жас мөлшері және толыққанды емес, бала тәрбиелеп отырған, жалғызбасты отбасылардың жасы 29-дан аспау;

2. Отбасылар Атырау облысы тұрғындарының тізіміне тіркелу;

3. Жеке атында тұрғын үй болмау

4. «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-ында таңдаған пәтердің 20% жарнасын салу қажет.

Қатысушы үміткерлер baspana.kz сайтына кіріп жылжымайтын мүлік бөлімшесіндегі «Жас отау» парақшасына тіркелу қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша: 87078908078, 87015481699, 87784783112, 87785882750 телефондарына хабарласуға және Атырау қаласы, Абай көшесі 15/2 мекен-жайында орналасқан «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалынан кеңес алуға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз