Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ардагер спортшыны ұлықтау

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Ертелеу Жұбанәлиевті еске алуға арналған бірінші қалалық ашық спартакиада өтті.

%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80-%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82%d1%88%d1%8b%d0%bd%d1%8b

Ардагер спортшы Ертелеу Көшенұлы атыраулық спортшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың арасында кейін жоғары нәтижелерге қол жеткізген кәсіби спортшылар да аз емес.

Бірінші рет ұйымдастырылып отырған спартакиадаға сегіз команда, атап айтсақ, Мақат, Индер, Исатай, Махамбет, Қызылқоға және Атырау қаласындағы спорт мектептері командалары қатысып, футзал, үстел теннисі, асық ату, дойбы, арқан тартыс ойындарынан өзара үздіктерді анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатына қалалық дене-шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Айтқалиев пен №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бимырза Тайжанов және Ертелеу Көшенұлының інісі Тілекқабыл Көшенұлы сөз сөйлеп, спортшыларға жүрекжарды тілегін жеткізді.

%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80-%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82%d1%88%d1%8b%d0%bd%d1%8b2

Жарыста Махамбет ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі үздік ойын үлгісін көрсетті.

Үстел теннисінен І орынға Индер ауданындағы спорт мектебінің қызметкері Ерлан Өмірбеков, ал, әйелдер арасында Айгүл Отарова қол жеткізді.

Арқан тартыс ойындарынан №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы үздік деп танылса,  асық атудан Индер ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бірінші орынды жеңіп алды.

Дойбыдан №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Құрманбай Әшетов пен Әйгерім Қазиева  жоғары нәтижеге ие болды.

Абай Ақмұрзиев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button