Жарнама
Жаңалықтар

ArcelorMittal «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге аударады

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды atr.kz

ҚР Үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Онда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Әділет министрлігі өкілдерінен құралған келіссөздер тобы ArcelorMittal компаниясын «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңге көлемінде жарна жасауға көндірді.

«ArcelorMittal компаниясынан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және денсаулық сақтау, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Сондай-ақ бұл соманың 50%-ы Теміртау қаласына жұмсалады, қалғаны Қарағанды облысына жұмсалады», — деді Өнеркәсіп министрі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button