![Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Атыраудағы ауыл тұрғындарымен кездесті 1 53574219 2379435912276786 202372261917753344 o](https://atr.kz/wp-content/uploads/2019/03/53574219_2379435912276786_202372261917753344_o.jpg)
Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Атыраудағы ауыл тұрғындарымен кездесті
Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Таяуда Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы «Мұнайшылар» мәдениет үйінде аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен кездесу болып өтті.
Аудан тұрғындары мол жиналған рухани шараға Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет қатысты.
![Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Атыраудағы ауыл тұрғындарымен кездесті 2 53698459 2379436102276767 8283923772797353984 o](http://atr.kz/wp-content/uploads/2019/03/53698459_2379436102276767_8283923772797353984_o-1024x678.jpg)
Кездесу барысында сөз алған Ардақ Назаров жиылған жастарға тарихтан тағылым айтып, билердің әділдігін, шешендердің сөз саптауын мысал етіп кәзіргі кезде әсіресе жастарға дүниеауи ілімнен гөрі рухани ілімнің маңызды екенін айтты.
![Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Атыраудағы ауыл тұрғындарымен кездесті 3 53545811 2379435875610123 6466971178580836352 o](http://atr.kz/wp-content/uploads/2019/03/53545811_2379435875610123_6466971178580836352_o-1024x678.jpg)
Сонымен қатар ол өз өмір жолында кездескен түрлі оқиғаларды мысалға ала отырып, киелі даланы мекендеген бабаларымыздың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи-шежіре қиссаларды жеткізіп, сол батырлардың есімдерін жиналған жұртшылыққа үлгі етті.
![Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Атыраудағы ауыл тұрғындарымен кездесті 4 arda](http://atr.kz/wp-content/uploads/2019/03/arda--1024x678.jpg)
Өз кезегінде спортшы, ер азаматтардың қасиеттеріне тоқталып, кәзіргі кезде әлеуметтік мәселелердің шиеленісуінің көрінісіне мәрттігіміз бен бір бірімізге деген қамқорлығымыздың азайып кетуі осыларға кері әсерін тигізіп отырғанын тілге тиек етті.
![Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Атыраудағы ауыл тұрғындарымен кездесті 5 53231213 2379435805610130 4743318283489378304 o](http://atr.kz/wp-content/uploads/2019/03/53231213_2379435805610130_4743318283489378304_o-1024x678.jpg)