Атырауда мемлекет қаржысын қалтасына басқан кәсіпорын қызметкері сотталды

200722151836498a3675439i Жаңалықтар

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында кәсіпорын директорының орынбасары 4,7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Комитеттің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ЖШС директорының орынбасарына қатысты ҚР ҚК-нің 189-б. 3-б. 1-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды. Аталмыш тұлға өз қызметтік бабын пайдаланып, «Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-ның оқу ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 4,7 млн.теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты жымқырған.

Күдіктінің кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелермен дәлелденіп, келтірілген шығын соммасы Атырау облысының Сот сараптамасы институтымен расталды. Индер аудандық сотының үкімімен кәсіпорын директорының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Егер Сізде бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсау, жымқыру деректері туралы ақпарат болған жағдайда, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша ЭТД – 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары арқылы хабарласыңыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз