Қар жаууы мүмкін
Жаз мезгіліне екі апта қалғанда Қазақстанның кейбір өңірлерінде сулы қар жауады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамынша, келесі үш күнде солтүстікте аяз болады.
«Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне жауын-шашын мен арты ылғалды қарға ұласатын Батыс Сібірдің арктикалық суығы келуі ықтимал. Сондай-ақ, бұл өңірлерде ауа температурасы қалыпты деңгейден екі-төрт градусқа дейін төмендейді деп болжануда», – деді түсіндірді «Қазгидромет» РМК өкілдері.
Ал Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа-райы төмен атмосфералық қысыммен анықталады. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр мен найзағайлы ауа-райы күтілуде. Ауа температурасы бұл күндері республиканың солтүстік жартысында климаттық нормадан төмен, ал оңтүстікте – нормаға жуық болады.
Хорлан Смадияр