Жарнама
Жаңалықтар

ӘР ӨТІНІШ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгінгі күні әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қинайтын проблемалар аз емес. Соның бірі – пәтер мәселесі. Қабылдауға келген Ауған соғысының ардагері Самалық Жолаев тұрғын үй кезегіне тіркелгенімен, кезегі әлі ерте екен. Ардагер үй кезегі келгенше өз тілегі бойынша қарттар үйіне орналастырылатын болды.

Бұрынғы «Ақбота» балалар үйінің тәрбиеленушілері  Амангүл мен інісі Қанат Заитовтар да тұрғын үй кезегіне тіркелген. Алайда, уақытша баспанамен көмектесуді сұрайды. Бұл өтініштерінің өз себебі де бар.

«Анамыз осыдан екі жыл бұрын қайтыс болды. Мектеп жасындағы төрт бауырым балалар үйінде тәрбиеленуде. Әдепті, сыпайы, әрқайсысының сабақ үлгерімі де жақсы. Сондықтан, асырап алушы ата-аналар да табылуда. Алайда, мен олардың әпкесі ретінде өз қолыма алып, өсіріп, жеткізгім келеді» деген А.Заитова жеке басында үйі болмағандықтан, бұл қиын болып отырғанын жеткізді. Сондықтан, «бауырларымды қасыма алу үшін тұрғын үй берілсе» дейді ол. Мұндай үлкен жауапкершілікті мойнына алғалы отырған оған қала әкімі қолдау көрсетілетінін айтып, қуантты.

Ал, Вокзал маңы ықшамауданының тұрғыны Нәсіп Құлмәжитова пәтері күрделі жөндеуді қажет ететінін айтты. «Тұрып жатқан пәтеріміз бесінші қабатта. Жаңбырлы, қарлы күндері төбеден су ағып, берекетіміз кетеді» деген ол үйге терможаңғырту жұмыстары жүргізілуін сұрады. Бұл жұмыстарды комиссиямен тексеруге тапсырма берілді.

Сол сияқты тұрақты жұмысқа орналаса алмай, көмек сұрай келгендер де болды. Олардың мәселесін тыңдаған Серік Кенғанұлы мамандықтары бойынша қызметке орналастыруға ықпал ететінін айтты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button