
Жаңалықтар
«Ақжайықтағы» өрт: бүгін әуеден 117 тонна су төгілді
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы әуеге 39 рет көтеріліп, 117 тонна су шашу арқылы өрттің таралуына тосқауыл болды. Жалпы, өрт басталғалы бері әуеден 76 мәрте су төгіліп, 228 тоннадан астам су пайдаланылды.

Қазір «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы өртті сөндіру жұмыстарына 150-ге жуық адам мен 35 техника жұмылдырылған. Ашық жалын сөндірілгенмен кей нүктелерде қамыстың бықсуы байқалуда.