Жарнама
Жаңалықтар

«Ақжайық» резерватындағы өртті сөндіруге амфибия-экскаватор тартылды

“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы табиғи өртпен күреске арнайы техника — амфибия-экскаватор жұмылдырылды. Бұл шешім жедел штабтың тапсырмасы негізінде қабылданды, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Экскаватор Жайық өзенінде жүргізіліп жатқан түп тереңдету жұмыстарынан босатылып, жетуге қиын батпақты аумақтарда минералдық қорғаныс жолақтарын салу үшін қолданылмақ. Бұл әдіс тұтану ошақтарын оқшаулауды және жоюды жылдамдатуға, сондай-ақ өрттің одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Өрт сөндіру жұмыстарын жер бедерінің батпақты және шымтезекті  болуы күрделендіріп отыр. Мұндай жағдайда сөндірілген оттың қайта тұтану қаупі жоғары. Амфибия техникасын қолдану сынды инженерлік шешім  — тиімді әрі қажетті шара.

Өрт сөндіру жұмыстары тәулік бойына үздіксіз жүріп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button