Жарнама
Инфрақұрылым

Ақтоғайда инфрақұрылымдық жұмыстар басталды

Бұл туралы Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың Ақтоғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында аталған ауылдың 2,152 шақырым кірме жолы мен 2,04 шақырым ауылішілік көшелерінің күрделі жөндеуі басталғаны мәлімделді. Бұл жұмыстар тұрғындардың сапалы көлік қатынасы мен күнделікті өмірін жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, Ақтоғайға ауыз су жүйесін тарту үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан оң қорытынды алынды. Аудан әкімі жиын барысында ақтоғайлықтардың ұсыныстары мен сұрақтарына жауап беріп, оларды шешу бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button