
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514-521 теңгеден саудаланып жатыр, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Ұлттық банктің 14 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,13 теңге. Еуро — 583,74.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 581 — 589 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазір ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,05 — 6,20 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 514,94 теңге болған.