Ақорда: Президенттің туған күніне ешқандай іс-шара жоспарланбаған
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты сұраққа жауап берді.
«Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.
Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды.
Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді», — деп жазды Р.Желдібай Facebook-те.
Президенттің баспасөз хатшысы еске салып өткендей, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады.
«Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», — деді ол.