Жарнама
Жаңалықтар

«Ақ жол» журналистерге құрмет көрсетті

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында «Ақ жол» партиясының облыстық филиалы жергілікті журналистерге ерекше құрмет көрсетті. Бұл жолы марапатталғандардың арасында облыстық «Атырау» газетінің өкілдері де бар. Басылымның тілшісі Рита Өтеуғали партия төрағасы А.Перуашевтің Алғыс хатын алса, Бас редактордың орынбасары Азамат Базарбаев «Ақ жол» партиясының 30 жылдығына орай шығарылған «Еңбегім – еліме» төсбелгісіне ие болды.

– «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты». Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың осынау ойлы сөзі журналист еңбегінің қаншалықты жауапты, қаншалықты қастерлі екенін айқындап тұр. Қалам ұстаған қауымның жыл он екі ай тынымсыз еңбегі қашан да лайықты бағасын алуы тиіс.
Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өсіп келеді. Әлеуметтік желілер пайда болса да, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны төмендемек емес. Олардың ел саясатын жүргізудегі, қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастырудағы үлестері ерекше,-деді «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button