Атырауда масамен күрес 8 айға созылады

komar na uchastke Жаңалықтар

Атырауда масамен күрес 8 айға созылады. Масаны улау жұмыстары 4 сәуірден бастап, қараша айына дейін жалғасады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіне Қалалық тұрғын үй коммуналды – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынас үйлестіру секторының меңгерушісі Кенжебек Камаладенов мәлімдеді.

komar-na-uchastke

Оның айтуынша, Атырау аумағын дезенфекциялау жұмыстарын жүргізуді тендерден екі мердігер мекеме жеңіп алған.

– Айдың басынан бастап 12 лот бойынша 114 млн 880 мың теңгеге «AG Disinfection Servises» мердігер мекемесі мәдениет және демалыс орындарын, саябақтар мен алаңдарды, көп пәтерлі үйлер мен жер төлелерін улау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, 9 қала маңындағы елді мекендерде масаға қарсы улау жұмыстарын жүргізетін болады, – дейді Кенжебек Камаладенов.

Сонымен қатар, «Горизонт С» мекемесі 2 лот бойынша қаладағы ашық су қоймаларын, Жайық өзенінің маңы мен Каспий теңізінің жағалауын дизенфекциялау жұмыстарын жүргізеді. Түнгі уақыттарда мамандар қаладағы жәндіктердің көп шоғырланатын жерлерді улап, облыс орталығында масаны жою жұмыстары тұрақты түрде өтетін болады.

Айта кету керек, 2018 жылғы масаны улау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 130 миллион теңге бөлінген.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз