Жарнама
Жаңалықтар

Ақ пен бауырсақтан дәм ұсынды

Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде орналасқан #7 референдум учаскесіне келген дауыс берушілер ақ пен бауырсақтан дәм татты. Жаңа құраммен жаңа орынға орналасқан аталған учаскеден айрықша мерекелік көңіл-күй байқалады.

N7 референдум комиссиясының төрағасы Өнербек Ерғалиевтың айтуынша, учаскеде 1365 дауыс беруші тіркелген. Саяси маңызды науқанда ең бірінші болып дауыс беруге сағат 07:10-да 37 жастағы Ербол есімді жігіт келіпті. Бұған дейін басқа орындарда болған референдум учаскесі биылдан бастап Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде орналасты. Сағат 10.30-да аталған учаскеге 300-ге тарта дауыс беруші келіп, өз таңдауларын жасаған.

Айбөпе САБЫРОВА
Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button