Атырауда 13 мың балдырған балабақшаға барып жүр

00 1 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/26 қазан, 2020 жыл. Атырау облысының балабақшаларында 13 мыңнан астам бала кезекші топтарға барып жүр.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, балабақшаларда 1126 кезекші топ ашылған. Оған 13202 бала барып жүр. Бұл, мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жалпы санының 39% құрайды. Барлық нысандар санитарлық талаптарға сай әрі мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істейді.

«Таңертең мейірбике балаларда респираторлық аурулардың бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүргізеді. Дене қызуын өлшеп, балалардың тамағын тексереді. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында тәрбиешілер мен ата-аналар балаларды қарсы алу және шығарып салу кезінде маскалық режим сақтайды. Балалар мен тәрбиешілердің сақтығы үшін балабақшаға кіреберісте, сондай-ақ әр топта санитайзерлер орнатылған. Балабақша ғимаратындағы топтық жайларда, басқа да бөлмелер мен асханада дезинфекциялау құралдарымен екі сағат сайын ылғалды өңдеу жүргізіледі» деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.

Кезекші топта шектеу шаралары сақталып, бүлдіршіндердің сабағы әдеттегі күн тәртібімен өткізіледі. Балалар бұрынғы тәртіппен уақытылы тамақтанады, күндіз ұйықтайды, далаға серуендеуге шығады.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз