Жарнама
Жаңалықтар

АПТАНЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

 

Ресми өкіл Алтай Әбибуллаевтың баяндауынша, бүгін өтетін ел Үкіметінің отырысында сапаны арттыру және табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеу мәселелері қаралады. Сонымен қатар, осы аптада Абылай ханның 300 жылдығын мерекелеу аясында (5 қазанда) Көкшетауда «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады. Ресми өкілдің тағы бір айтқаны, ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатында Абылай хан алаңында мәдени шаралар, Көкшетау маңындағы Қызылжар ипподромында «Азат рухтың Абылай ханы» атты театрландырылған қойылым өтеді.
— Абылай ханның 300 жылдығы аясында тарихи сана-сезімімізді одан әрі қарай бекітуге бағышталған басқа да жалпыұлттық мерекелік шараларды өткізу көзделген,-деді ол.
• Брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев жол бойындағы қалыптасқан жағдай туралы журналистерге толымды етіп айтып берді.
— Қазақстан жолдарында соңғы он жыл ішінде жол-көлік апаттарынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты, 168 мыңы жарақаттанды. Жол-көлік оқиғаларының саны жыл сайын артып келеді және оның салдарынан опат болғандар азаймай отыр, — деді вице-министр. Ол кісі тілге тиек еткен мына деректер де шошындырады: «Биылғы 8 айда 13 мыңнан астам жол-көлік апаттары тіркелген. 1 823 адам қаза тауып, 17 мыңы жарақат алған. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 57 пайызға, мерт болғандар 4 пайызға, жарақат алғандар 65 пайызға артқан».
Елдің Ішкі істер министрлігі заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізіпті. Сондай-ақ, «Жол қозғалысы туралы» жаңа заң жобасы әзірленген. Бұл құжаттың жобасында жол жүру ережесін бұзғаны үшін автокөлік иесі мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі күшейтіліпті. «Егер бұрын жолдың қарсы жолағына шыққаны үшін айыппұл салынса, енді көлік иесі ереженің осы бөлігін үш реттен астам бұзса, онда ол жүргізуші куәлігінен алты айға дейін айырылуы мүмкін»деді вице-министр.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button